Джо Байден Ресей мен Қытайға қатысты көзқарасын айтты
АҚШ президенті сайлауында республикашыл Дональд Трамппен бәсекеге түсіп, жеңіске жеткен демократ Джо Байден CNN-ге берген сұхбатында Ресейге, Иранға, Қытайға және басқа елдерге қатысты “көпжақты көзқарас” жоспарлары туралы мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы сайты жазды.
– Біз Иранмен ғана емес, Ресеймен, Қытаймен және басқалармен күресу үшін үлкен топтың бір бөлігі болуымыз керек, – деді саясаткер. Сонымен бірге, Байден қызметке кіріспес бұрын АҚШ саясатына тұжырымдама жасай алмайтынын айтты.
– Бірақ мен Еуропада да, Үнді және Тынық мұхиты аймағында да одақтастықтың тығыз қарым-қатынасын қалпына келтіргім келеді, – деді Джозеф Байден.
Демократтың айтуынша, оны Еуропалық Одақпен “күрделі келіссөздер” күтіп тұр.
АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Демократиялық кандидат Джо Байден алдын ала мәліметтер бойынша 306 штаттан 270 дауыс жинады. Қазіргі президент Дональд Трамп жеңілісті мойындамай, оны бірқатар мемлекеттердің соттарында даулап жүр.