Джо Байден қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

0
41
Сурет: https://ria.ru/

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ президенті Джо Байденнен Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.

— Биыл ҚР өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз.

Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған «С5+1» диалог процесін жалғастыруға мүдделі, делінген Джо Байденнің жеделхатында.

Джо Байден қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақорданың жазбасында АҚШ Президенті Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік, қуаныш және гүлдену тілегені атап өтілген.