Джермелл Чарло алғаш рет жеңіліс тапты – видео

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

323 0 0

Джермелл Чарло — Тони Харрисон жекпе-жегінің қорытындысы фанаттар үшін сенсация болды

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Америкалық боксшы Джермелл Чарло Бруклинде Тони Харрисонмен өткізген жекпе-жекте алғаш рет жеңіліс тапты. 

Жеңіліс тапқан бірінші орта салмақтағы чемпион Джермелл Чарло WBC титулын қорғай алмады. 

Джермелл өз карьерасында 31 жекпе-жек өткізді, оның 15-інде қарсыласын нокаутпен жеңген. Бірақ осы жолы төрешілердің  ортақ шешімімен (116-112, 115-113 и 115-113) Харрисонмен 12 раунд қолғап түйістірген Чарло жеңіліс тапты.  

Жекпе-жек кезінде 28 жастағы Тони Харрисон өз қарсыласынан белсенді, соққылары таза болды және алғашқы алты раундта Чарлодан басым түсті, деп хабарлайды boxingnews24.com. Ал 10, 11 және 12-ші раундтарда Чарло қарсыласынан басым болды. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/