Джеки Чанның қызы әйелмен шаңырақ көтерді

0
Джеки Чанның қызы әйелмен шаңырақ көтерді


Танымал актер Джеки Чанның қызы құрбысымен некеге тұрып, Instagram-да үйлену тойынан фотосуреттер жариялады.

Танымал гонконгтік актердің некесіз туған қызы Этта У Чжолинь канадалық модель Энди Оттоммен некеге тұрғанын мәлімдеді. Ақ көйлектегі екі қыз да үйленгені туралы куәлікті ұстап суретке түскен. 

Джеки Чанның қызы өткен жылы өзінің лесби екенін ашық жариялап, канадалық модель Энди Отоммен қарым-қатынасы жайында айтқан. Осы қылығы үшін оны отбасы үйден қуып жіберген. Ал бойжеткен өзінің сүйген аруымен бірге біраз уақыт көшеде түнеген.

Содан кейін қыздар Канадаға кетіп қалған. Алайда, үйлену тойындағы суреттің астына «Гонконгке әйелі әйелімен болып ораламыз» деп жазып қойыпты.