Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді: Актер коронавирус жұқтыруы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал актер Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, ол коронавирус жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джеки

Әлемнің көптеген еліне таралған коронавирус індеті атақты адамдарға да жетті. 65 жастағы қытайлық актер 2019-nCoV-пен ауыруы мүмкін.

Болжам бойынша, Джеки Чан вирусты жеке кештердің бірінде жұқтырған. Себебі қонақтардың бірі коронавирус анықталған 48 жастағы полиция қызметкері болған.

Бұған дейін актер COVID-19 ауруының емін тапқан адамға 1 миллион юань (шамамен 145 мың доллар) беруге уәде еткен.

Еске сала кетейік, АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болатын уақытын атағаны туралы хабарланған.

stan.kz