Джеки Чан Қытай коммунистік партиясына кіретіндігін мәлімдеді

0

Әлемге әйгілі Гонконг киноактері Джеки Чан Қытай коммунистік партиясына кіруге ниетті екендігі туралы хабарлады. Бұл туралы Global Times ағылшын тіліндегі қытай басылымы хабарлады.

Джеки Чан бұл ниетін Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының құрылуын 100 жылдығына байланысты жариялады. «Мен ҚКП-ның ұлылығын көремін және ол 100 жыл ішінде емес, бірнеше онжылдықта ғана не айтты – соны жасады», — деді  Джеки Чан.

Джеки Чан ұзақ уақыттан бері жаһандық демократияға қарсы болып, оккупациялық Гонконг полициясына қолдау көрсетіп келеді. Ол соғыстағы жеңістің ҚКП басшылығымен болғандығына назар аударады, ал іс жүзінде бұл Қытай Республикасы мен сол кездегі Гоминдан партиясы үшін жеңіс болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты