«Джебхат ан-Нусра» жауынгерлері Сирия әскеріне шабуыл жасады

0

Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.

«Джебхат ан-Нусра» террористік ұйымының (ҚР тыйым салынған) жауынгерлерінен құралған екі топ (400-ге жуық адам) «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Бұл туралы журналистерге Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант (РФ Қорғаныс министрлігінің құрамына кіреді) Сергей Соломатин айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Джебхат ан-Нусра» басқа жауынгерлері осы уақытта Абу-Духур және Абу-Шарджа аудандарындағы үкімет әскерлеріне шабуыл жасады. Әр бағытта 150-200 адамнан құралған топ 15-20 пикапқа мініп, пулеметтармен атқылаған», — деді ол.

Айтуынша, Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.

«Террористер сириялық армияның қорғанысына қарай 1,5 км қашықтыққа дейін таяу келген. Содан кейін оларға қарай от атқылатып, тоқтатылды», — деп қосты генерал.

Абу-Шарджи ауданында лаңкестер Сирия әскерінің оғынан кейін шегінген.

Ол Ымыраға келтіру орталығы түрік тарапымен өзара әрекет етіп жатқанын айтты. Абу-Духур мен Абу-Шарджи аудандарындағы жағдай туралы ақпарат шұғыл жетіп отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/