«Дұрыс емес»: Бейбіт Кушкалиев Құрбан айттың алдында мал бағасын көтеретіндерді сынға алды

0

Әнші Бейбіт Кушкалиев Құрбан айттың алдында мал бағасын көтеріп жіберетін саудагерлерді сынға алды. Өнер иесі бұндай жолмен тапқан табыс берекесіз болатынын айтып, керісінше саудагерлерді жеңілдік жасауға шақырды.

Бейбіт Кушкалиев видео үндеуін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Ассалаумағалейкум құрметті ағайын. Құрбан айт та жақындап қалды. Бәріміз дайындалып жатырмыз. Бір нәрсе айтайын деп едім. Құрбандық жақындағада малды қымбаттатып сату – дұрыс емес.

Себебі, біріншіден халықтың жағдайы өте қиын. Екіншіден тапқан малыңда береке болмайды. Үшіншіден, ешкім байып кетпейді. Сол үшін түсінікпен қарау керек. Керісінше, адамдар Алланың парызын орындасын деген ниетпен жеңілдік жасалу керек», – деді Бейбіт Кушкалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада сатушылар қой бағасын үш есеге қымбаттатып жібергенін жазған болатынбыз.

«КазахЗерно.kz» ақпарынша, жергілікті базарларда салмағы 20 келі малдың бағасы 50 мың теңгеден асады. Ал семіз қойлардың бағасы одан жоғары. Нақтырақ айтқанда, олардың құны шамамен 70 мың теңгеден басталады.

Қызылордалықтардың айтуынша, базардағылардың басым бөлігі алып-сатарлар. Олар құрбандыққа шалынатын малдан пайда көрмек. Қала тұрғындарының сөзінше, бұл жағдай жергілікті базарларда жылдан жылға қайталанып келеді.

nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз