«Дұрыс емес»: Әріптестері жеке өмірін хайпқа айналдырған Арман мен Ашаны сынға алды – Қазақстан жаңалықтары

0
259

«Ау, жаным» бейнебаяны жарыққа шығарда хайп жасап, өздерін ажырасты деген ойға жетелеген Арман мен Ашаның әрекеті әріптестеріне де жақпады. Ақбота Керімбекова шоу-бизнесте жүрген бұл жұптың әрекетін дұрыс емес деп санайтынын айтты. Оның пікірімен Мақсат Базарбаев та келісті.

"Дұрыс емес": Әріптестері жеке өмірін хайпқа айналдырған Арман мен Ашаны сынға алдыБұл туралы Stan.kz «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Меніңше, дұрыс емес. Біреудің өмірі, біреудің отбасы басқа біреуге не керегі бар? Сахнада жүрсің ба, орныңмен әніңді айт. Орныңмен рөліңді атқар. Қай салада болса да, өз орнымен, ретімен жүрген дұрыс. Қазір «хайп» деген сұмдық бірдеңе шықты, қара пиар жолда қалды ма дедім ғой.

Алладан тек әр қазақ бақытты болса екен деп тілеймін. Бірақ оның отбасында не болып жатыр, араласпаймын. Өзімнің жақын туысқандарыма: «Амансыңдар ма? Жақсы ма?» – деймін. Болды. Ал жеке өмірлеріне араласпаймын. Сол сияқты менің де өміріме ешкім қол сұқпаса екен деймін. Өйткені әркім өз маңдайына жазылғанын көру керек. Артық сөйлемеуге тырысу керек», – дейді Керімбекова.

Әріптесінің бұл пікірін Мақсат Базарбаев толықтай қолдайды. Ол Арман мен Аша «аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің» кебін киіп жүрмесе болғаны деген тілегін де жеткізді.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Хайпқа бола солай істесе, түбі солай болуы мүмкін. Жақсы сөйлеуіміз керек. Әр нәрсені жақсылыққа балап жасау керек.

Балам үлкейгенде ел сыйлайтын саналы азамат болсын деп тілейсің. Отбасы да солай. Шаңырағың шайқалмасын, осы отбасымен көгеріп, жақсы ұрпақ қалдыратындай отбасы болайық деп тілеуіміз керек», – дейді ол.

stan.kz