«Дүрлігуге негіз жоқ»: Шымкентте екі тұрғын аса қауіпті дерт жұқтырды

0
0

Мамандардың айтуынша, Шымкентте күйдіргінің табиғи 8 ошағы болса, Түркістан облысында ошақ саны 300-ден асады

Шымкентте аса қауіпті күйдіргі дертін жұқтырған ағайындылар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

33 және 19 жастағы тұрғын 20 күннен бері арнайы бақылауда болған. Жұқпалы дерт ірі қарамен айналысатын ағайындылардың екеуінен бірдей шыққанымен, мамандар «дүрлігуге негіз жоқ» дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабаралады.

«Ауырған малдың сойылғаны туралы факті анықталған жоқ. Ол жақта біздің мамандар және ветеринарлар қызметімен індетке қарсы іс-шараны толық жүргізді. Қарым-қатынаста болған 21 адам анықталып, антибиотикпен емделді. Жағдайлары жақсы», – Шымкент қалалық тауар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Ірі қараны бағумен және сатумен айналысатын ағайындылар тамыз айының соңында өздерін жайсыз сезініп, жекеменшік емдеу мекемесіне барған. Арада бес күн өткен соң жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылыпты.

Өйткені, олардың жарасын зерттегенде күйдіргі жұқтырғаны анықталған. Шымкентте тұрса да, Сайрам ауданында мал ұстайтын ағайындылармен қарым-қатынаста болғандар түгел ем қабылдап шықты.

Оқи отырыңыз: 

«Мал мен жаннан түк шықпады» деген санитар мамандар ауруға не себеп болғанын әзірге дөп басып айта алмайды. Жалпы, Шымкентте күйдіргінің табиғи 8 ошағы болса, Түркістан облысында ошақ саны 300-ден асады екен.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз