Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығына 34 мыңнан астам адам қатысты

0
21 Желтоқсан 2018, 09:59 170 0

Астана, BAQ.KZ. Елордада жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы қорытындыланды.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығы бір ай көлемінде аталмыш науқан аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде халық көп шоғырланған орындарда, яғни әуежай, халыққа қызмет көрсету орталығы, теміржол вокзалы мен сауда ойын-сауық орталықтарында және жоғарғы оқу орындарында бірқатар ауқымды акциялар өткізді. Онда тұрғындар тегін экспресс-тестіден өтіп, мамандар кеңесін тыңдады.

Жалпы, «Өз АИТВ статусыңды біл!» науқаны барысында 225 іс-шара өткізіліп, 34086 адам қамтылды, оның 1353-і экспресс-тестіден өтіп, барлығы теріс нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, «Хан Шатыр» ОСО-да өткен қорытынды акция кезінде 83 адам жаңа әдіспен, яғни, қан тапсырмай, сілекей арқылы өз АИТВ статусына қатысты білу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, қорытынды акция барысында АИТВ жұқпасының алдын алу бағытындағы ақпараттық насихат жұмыстарында белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапатталды. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, жастардың флешмобымен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 1997 жылдан бері 1443 АИТВ-инфекциясы тіркелді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 150 жағдай.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ