Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны қашан болатынына айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

ДДСҰ Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны туралы түсіндіріп, коронавирустың екінші толқыны басталатын уақытты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы басшысы Ханс Клюге айтып берді. Ол Еуропаның көптеген елдерінде жағдай шынымен жақсарғанын атап өтті, бірақ үкіметтерді босаңсымауға шақырды.

«Қазір жағдай жақсарып келе жатса, қуану керек деген сөз емес, біз күзгі уақытқа дайындалуымыз керек деп мемлекеттерге айтып жатырмыз», — дейді ол. 

Коронавирустың екінші толқыны қыркүйек айында басталып, маусымдық тұмаудың таралу уақытына сәйкес келуі мүмкін. Оған басты себепші COVID-19 пандемиясының салдарынан кейбір елдерде тұмауға қарсы вакцинация тоқтатылған.

3 маусымда Клуге егер екінші індет уақытылы тоқтатылмаса, коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны қатты болатынын айтты. Сарапшы вакцина әлі ойлап табылған жоқ, сондықтан қазір жағдай «жыл басындағыдан жақсы емес» деп қосты.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 6 511 668 адам жұқтырған. Пандемия кезеңінде 386,073 пациент қайтыс болды, 2,8 миллион адам сауығып шықты.

stan.kz