Дүниежүзілік бокс сериясының үш дүркін чемпионы «Astana arlans» бокс клубы енді жоқ

0

Astana Arlans бокс клубы ресми түрде өз жұмысын тоқтатты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады.

«Astana Arlans бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз», — деді ол жиын кезінде.

Astana Arlans WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. «Astana Arlans» бокс клубы – Дүниежүзілік бокс сериясының үш дүркін чемпионы. Клуб 2012/13, 2014/15 және 2017 жылдардағы маусымда жеңімпаз атанған болатын. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған. Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.

«Қамшы» сілтейді