дүкеннен ерлі-зайыптының кескіленген денесі табылды

0
105
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

988 0 0

Полиция ерлі-зайыптының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда жалдамалы дүкендердің бірінен ер мен әйелдің денесі табылды.

Қайғылы оқиға, болжам бойынша, мереке күндері болған. Қаланың 28-ші шағын ауданындағы «Гүлнәр» дүкені жабылған соң, ер адам әйеліне 20 реттен артық пышақ сұғыпты. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады «Лада» басылымы.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Бұдан бұрын Қостанай облысында Затобольск ауылының саяжайларында із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы әйелдің денесі табылды. Алматы облысындағы Қаратал өзенінен төрт ай бойы іздеуде болған жасөспірімнің мәйіті табылған.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/