Дүкенде кезекте тұратын: Елордадағы әйгілі торт өндірушісін адамдарды улады деп айыптады — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұрсұлтан қаласынд 15 сәуірде 5 адам уланып, медициналық көмекке жүгінді. Науқастар торттан уланғандарын айтады.

Дүкенде кезекте тұратын: Елордадағы әйгілі торт өндірушісін адамдарды улады деп айыптады

Науқастар 14 сәуір күні «Птичье молоко» тортын жеген. Айтуларынша, тортты «Happy Cake» дүкенінен сатып алыпты.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті аталған объектіде және уланған науқастарды тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. 

«Егер улану жағдай болса, біз эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге міндеттіміз. Осы уақытқа дейін санитарлы-эпидемиялық қорытындысыз жұмыс істеді. Уланғандар арасында 10 жастағы бала бар. Балалардың ағзасы бардық кезде  улануды көтере алмайды. Тексеру нітижесін тағы да жариялаймын», — деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Ал, «Птичье молоко» компаниясының дегустаторы Асхат Солтанов дәлелсіз ақпарат жарияламауды сұрайды.

«Кешелі бері науқастардың уланғаны туралы көптеп суреттер келіп жатыр. Жұқпалы аурулардың барлық түрлері бойынша нәтижелер теріс шықты. Дәлелсіз ақпарат жарияламауларыңызды сұраймын. Менде барлық ракурста түсірілген фотолар бар, оны орган қызметкерлеріне жібердім. Егер ауру анықталмаса, оған қарсы шара қолданыла ма? Мен біздің асүйіміздегі тексерісті ғана емес, БАҚ тарапынан, менің компаниямның атын атаған лауазымды тұлғаларға да қатысты айтып отырмын. Мемлекеттік органның анализіна қатысты күресетін мықты заңгер болса, мен бәрін талқылауға дайынмын», — деп жазды Асхат Солтанов

stan.kz