дүкен тып-типыл жанып кетті – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы шамамен 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Өрт Алматыдағы Шевченко – Радостовец көшелерінің қиылысында болды.

Оңтүстік мегаполисте электр құралдарының дүкені тып-типыл жанып кетті.

Өрт сөндірушілер жақын маңдағы дәмхана мен мемлекеттік емхананы қызыл жалыннан аман алып қалды.


©
Sputnik / Стрингер.

Алматыдағы ірі өрт

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


©
Sputnik / Стрингер.

Дүкен тып-типыл жанып кетті

Өрттің себептерін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.


©
Sputnik / Стрингер.

Оқиға орнындағы өрт сөндірушілер

Бұған дейін Алматыда ерекше жануарларға арналған баспана басшысының үйі өртенгені туралы хабарланған болатын. Жеке үйде болған жантүршігерлік өртте сегіз мүгедек жануар өлді.



sputniknews.kz