Дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр, кей жерлерде жаңбыр жауады  

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері 3 маусымға ауа райы болжамын жариялады. 

«Басым аумақта ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – нөсер жауын, республиканың батысында ғана күн ашық», — деп хабарлады метеорологтар.

Сондай-ақ кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжанып отыр, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктер маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазанда ауа райы қандай болатынын айтты

Өңірлердегі ауа райы

  • Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
  • Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің күші секундына – 15-20 метр. Атырау облысында – кей жерлерінде шаңды дауыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
  • Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.
  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжануда.
  • Атырау, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде күндіз аптап ыстық болады деп болжануда.
  • Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда 3 маусым күні түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады, күн бұлтты.
  • Алматыда түнде 15-17 градус, күндіз 24-26 градус жылы, жауын-шашын болуы мүмкін.
  • Шымкентте түнде 14-16 градус, күндіз 24-26 градус жылы, күн күркіреп, жауын жаууы мүмкін.  



sputniknews.kz