Дүйсенбі күні бірқатар облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады
2018 жылғы 10 желтоқсан 05:27 29
АСТАНА. ҚазАқпарат — Оңтүстік циклонның шығуына байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік аймақтарының кей жерлерде жауын-шашын болады. Қалған аймақтарда аязды ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал
Атырау облысының кей аймақтарында көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.