“Дүбара тілдегі әзіл»: Журналист Жанар Байсемізова Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды

0

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасын жасаушы журналист Жанар Байсемізова белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты сынады. Ол Қабатовтың әзілдерінің орысша аралас екенін айтып, телеарнада көрсетуге келмейтінін айтты.

«Көтеріп жатқан тақырыбы өзекті, бірақ тілі дүбара, шала. Бүкіл қазақты күлдіре алады. Мықты. Әйткенмен, тілдің тазалығын сақтамайд және осы дүбара тілдегі әзіл кеші мемлекеттік телеарналардан көрсетіледі. Өте өкінішті. Орыс тілі қанымызға сіңіп кеткені соншалықты, өзіміз байқамайтын болдық. Қалыпты дүние ретінде қараймыз», — деп жазды журналист Жанар Байсемізова.