Дубайдан қаламыз ба? Ақтауда пальма ағаштары «өсетін» болды

0
170

Жайқалған құрма пальмаларының биіктігі – 11 метр.

Каспий жағалауында 100 пальма орнатылмақ. Бұл әрине, жасанды ағаштар болады. Алып пальмалар биыл жазда Ақтауда жағалау бойында орнатылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz, Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Бұл пальмалар – қала тұрғындарына демеушілер тарапынан жасалатын ерекше сыйлық болмақ. Жобаның құны әзірге құпияда сақтаулы.

Әзірге жағалауда екі жасанды құрма пальмасы орнатылды. Олардың биіктігі – 11 метр.

Айта кетерлігі, қала тұрғындары бұл нысандарға ерекше қызығушылық танытуда. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тропикалық өсімдікке көптеп келіп, жаппай суретке түсуде.

Шілде айына қарай жасанды пальмалар көбейеді: Каспий теңізінің жағалауымен 1,5 шақырымдық сызық бойына 100 тал пальма отырғызу көзделген екен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz