Дубайда жол апатынан 17 турист қаза тапты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында автобус жол апатына ұшырап, кемінде 17 адам қаза тапты. 9 адам ауруханаға түскен. Дубай полициясының дерегінше, оқиға 6 маусымда кешке болған. Жүргізушінің автобусқа арналмаған жолмен жүріп, жол белгісіне соғылғаны айтылады. Оманның мемлекеттік нөмірі тағылған автобуста 31 турист болған. Олардың қай ел азаматтары екені анықталып жатыр.