Дубайда даулы фотосессияға қатысқан қыздардың бірі, 23 жастағы украиналық Наталья Чуприна соққыға жығылғанын және зорланғанын мәлімдеді. Бұл оқиға, оның айтуынша, Дубайдағы түрмеден шығып отанына оралғанда болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Чуприна тұратын Днепрде болған. Қыздың айтуынша, зорлауға БАӘ-дегі «оғаш қылығы» себеп болған.
Наталья ұнатып қалған жігітпен танысқан. Кейін модель кездесуге келіскен. Ер адам дубайлық түсірілім туралы білгенде ашуға берілген.
Алайда ер адам қызды жібермей, ұрып-соққан. Зардап шегуші көмек шақырған, бірақ оқиға жекеменшік үйде болғандықтан даусын ешкім естімеген.
Өз кезегінде қыз айыптап отырған Днепр тұрғыны онымен жыныстық қарым-қатынасқа түспегенін мәлімдеп отыр. Ол Натальяның өзі полицияға хабар бермеу үшін 5 мың доллар талап етті деп сендірді.
Чуприна Дубайдағы даулы ню-фотосессияға қалай қатысқанын да айтып берді.