Дуал мәселесі шешілмесе, елде төтенше жағдай жарияланады
Бейсенбі күні кешке Мексикамен шекаралас ауданға ұшып барған АҚШ президенті Дональд Трамп «егер дуал тұрғызу мәселесі шешілмесе, елде төтенше жағдай жариялаймын» деп мәлімдеді. Төтенше жағдай жарияланса, президенттің конгрес келісімінсіз дуал құрылысы үшін бюджеттен ақша бөлгізуге өкілеті бар. Трамп сапары барысында тағы да демократтарды сынап, “олармен келісу қытайлармен келісуден де қиын шаруа” деп айтты. Шамамен 23 миллиард долларды талап ететін дуал құрылысы жобасын демократтар қолдамайды және заңсыз көші-қон мәселелерімен күресте тиімсіз әрі ескірген әдіс деп санайды. Демократтардың басым бөлігі конгресте жобаны қаржыландыруға қарсы шықты. Соның салдарынан үкіметтің жұмысы үш аптадан бері жартылай тоқтаған.
Дереккөз: Азаттық