ДСМ-нің өкілі Қазақстанда қандай дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің жалақысын екі-үш есе көтереді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Qazaqstan телеарнасының эфирінде Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Біз дәрігерлерге қолдау көрсетуіміз керек. Олар қазір алдыңғы қатарда тұр. Жұқпалы аурулар ауруханаларында жұмыс істейтін инфекционистер, жедел дәрігерлер, медбикелер, ауруханалардың дәрігерлері. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тікелей тапсырмасы бойынша осы кезеңде қолдау бағдарламасы аясында жалақыны екі-үш есе көтеру қажет – бұл инфекциямен күресте жұмыс істеп жүргендерге ғана», – деді Диас Ахметшәріп.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте еліміздің медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегіне назар аударып, оларға алғыс білдіріп, еңбекақы мен сыйлықтарды толық көлемде уақытылы төлеудің маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті. Оның ішінде Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды қаласында –  2 адам.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз