Досын өлтіріп, мәйітін екі ай бойы үйінде сақтаған

0
248
Фото aikyn.kz сайтынан алынды

Қостанайда досын өлтіріп, мәйітін екі ай бойы үйінде сақтаған азамат сотталды, деп жазады kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол былтыр желтоқсан айында досымен төбелесіп, оны темірмен ұрып өлтірген. Мүрдесін жазғы ас үйге жасырған. Туыстары мен полицейлердің жәбірленушіні іздеп жатқанын естіп, денені үйінен 300 метр жерде қармен көміп тастапты.

Қылмыскер 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа төрт миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

«Алтынсарин аудандық соты қасақана адам өлтіргені үшін аудан тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленуші тарапқа мүліктік зиян мен моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.