Досымен бірге кімді қағып кеткенін білген жолаушы состиып тұрып қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1163 0 0

Шотландия тұрғыны жантүршігерлік апатқа ұшырап, туған қызының өліміне куә болды

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Шотландияның Мотеруэлл қаласында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 жастағы оқушы қаза тапқан.

Эбби Макларен үйіне мектеп автобусымен келіп, одан түсіп бара жатқан сәтте көлік қағып кеткен. Бұл туралы Life.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Куәгер теледидар көріп отырып тарс еткен дыбысты естігенін айтады. Ал ол сыртқа шыққан кезде сұмдық көрініске тап болған. Жол апатынан соң, ер адам көліктен жанталаса шығып, өз қызын көріп, орнында состиып тұрып қалған.

«Ол сол жерде қатып тұрып қалды, қимылдауға шамасы болмады және ештеңе айтпады», – дейді куәгер.

Кейін белгілі болғандай, жол апатына оның 12 жастағы қызы ұшырапты. Ал қыздың әкесі көлікте жолаушы ретінде отырған.

Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер қызды ажалдан арашалап қала алмаған.

Эбби Макларен Глазго корольлдік госпиталінде көз жұмды. Құқық қорғау органдары 38 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол да жол апатынан соң қызды өлімнен құтқармақ болып жанталасыпты.

Алдағы уақытта жүргізуші сот алдында жауап береді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз