Досым Сәтпаев Назарбаевтың отставкасы туралы: Негізгі тетіктердің бәрі қолында қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Сарапшылар Назарбаевтың өкілеттігін тоқтататынын бірнеше рет болжаған еді. Бұл шешімді көптеген сарапшы 2010 жылдан бері күтті, сол кезде Елбасының мәртебесі туралы заң қабылданған еді, дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. Ал Қауіпсіздік кеңесіндегі рөлі күшейтіліп, оның өмір бойығы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болатыны туралы шешім биліктің транзиті жөніндегі кезекті белгі болды.

Досым Сәтпаев

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Президенттің ертелі-кеш осындай шешім қабылдайтынын көбі күтті. Орта Азияның өзге елдеріндегі жағдайлар көрсеткендей және осыны ескергенде, мысалы, Өзбекстандағы жағдаймен салыстырғанда, биліктен денсаулығы жақсы кезде кеткен дұрыс. Бұл біріншіден. Екіншіден, биліктің табысталу жағдайын бақылау үшін, жүйе үстіндегі ойыншы болған жөн. 

Елбасы ретінше, Қауіпсіздік кеңеңсінің өмір бойғы төрағасы, өмірлік сенатор ретінде негізгі тетіктердің бәрі қолында қалды», — дейді Досым Сәтпаев.

Айта кетсек, кеше, 19 наурызда, президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz