Досым Сәтпаев: «Билік жөнсіз уәде беруін тоқтатып, дәріні тегін таратсын»

0

Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев COVID-19-ға шалдыққан науқастарға тегін дәрі-дәрмек таратуға шақырды.

Досым Сәтпаев Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде ел үкіметінің әрекетін сынады:

«Билік қазір көп адам зардап шегіп жатқан пневмонияны емдеу туралы хаттаманы әзірледі (COVID-19 белгілерінің бірі ретінде), бірақ осы хаттамада жазылған және науқастарға жазып беріп жатқан дәрілерді көбі сатып ала алмайды.

Бұл дәрілер я дәріханаларда жоқ, я оларды сатып алатын қаражат жоқ, тіпті емнің өзі қымбатқа түсіп отыр. Бұл жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар. Мемлекет өз азаматтарына сараңдық танытуын доғаруы керек. Және жөнсіз уәде берулерін де тоқтатқаны дұрыс.

Биліктің өзі емдеу хаттамасына енгізген қажетті дәрі-дәрмектерді тез арада жаппай сатып алғаннан кейін, оларды алдымен жедел жәрдем шақырған жәнеүйде емделуге ұсыныс айтылып, ресми диагноз қойылған жандарға тегін тарату керек.

Дәрі-дәрмекті сатып алу ісі ашық болуы қажет, жеткізушілері, бағасы мен мөлшері көрсетілуі тиіс. Мемлекет кедейленбейді, көп адамның өмірін сақтап қалуға болады. Адамдарға мүмкіндік бермей үйде емделуге мәжбүрлеу бұл – қылмыс.

Біздің Қазақстанда 18 милионнан сәл-ақ  асатын адам бар, әрі әр адамның өмірі алтындай құнды. Сондықтан бұл алтынды құтқарып қалуға мүмкін болатын жандардан аямау керек», — деп жазды саясаттанушы өзінің Instagram парақшасында.