Достоевский атындағы театр: тарихы мен қызықты деректер

0

Достоевский атындағы облыстық орыс драма театры Семейде Абай алаңындағы Абай атындағы театрдың ғимаратында орын тепкен

Семейдегі орыс театрының құрылу тарихы

Семейде кәсіби орыс театры 1937 жылы алғаш рет пайда болды. Ол Мирзоян атындағы жұмысшы жастар театрының әуесқой труппасы ретінде құрылып, оған А.В. Луначарскийдің есімі берілді.

1975 жылы театрға орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің есімі берілді. 1977 жылы театр облыстық мәртебеге ие болды.

Театр ұжымы Ұлы Отан соғысы кезінде де, соғыстан кейін де белсенді түрде ел аралап өнер көрсетті. Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары «Достоевский театры» бүкілодақтық және халықаралық түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған.

Тағы оқыңыз: Тұрсынбек Қабатовтың театры

ЭКСПО көрмесінде болған театр

Астанада өткен ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесінде театр Шығыс Қазақстан өңірін танытып, өнер көрсетті. Бұл сәтті театр тарихының «жаңа парақшасы» деп атауға болады. Көрмеде театр ұжымы Санкт-Петербургтен келген қоюшы-режиссер Игорь Селиннің басшылығымен Элеонора Портердің атақты романы «Поллианнаны» сахналады.

Бүгіндері театр Қазақстан мен Ресей қалаларын белсенді түрде аралап, өнер көрсетіп жүр.



sputniknews.kz