Достарымен кездесуге кетіп, оралмады: Семейде екі баланың анасы жоғалып кетті — новости Казахстана

Семейде жоғалып кеткен 29 жастағы екі баланың анасы Елена Свидидованы үшінші тәулік полицейлер мен волонтерлер іздестіруде. Ол 2 желтоқсан күні достарымен кездесемін деп шығып кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды Altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Altaynews.kz
Еленаның күйеуінің айтуынша, сол күні бәрі автобуспен әжесінің үйіне бара жатқан жолда әйеліне біреу телефон арқылы хабарласқан.
Сөйлесіп болған соң ол: «Бірге оқыған топтастарым кездесуге шақырып жатыр», — деп аялдамадан түсіп қалыпты. Жолдасы болса балаларын алып әрі қарай кеткен.
Сондай-ақ, жұбайы Еленаның үйіне барып киім ауыстырғанын, артық ештеңе алмағанын да айтты.
Кейінірек әйелдің WhatsApp-тағы достарының чатынан бұрынырақ шығып кеткенін, ешқандай кездесу болмағаны анықталған.
Дәл қазір екі баласы бар келіншектің қайда жүргені белгісіз.
Соңғы рет Еленаның үстінде аяғына дейін түсетін қызғылт-сұр түсті күздік куртка мен қызғылт түсті бас киім, сондай-ақ, қою қызыл түсті колготки болған.

фото: Altaynews.kz
Елена Свиридованы көрген-білгендер болса 8-474-349-57-17 немесе 102 хабарласуды сұраймыз.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар