Досаев теңге бағамы туралы айтты

0

Теңге бағамы 15 сәуірдегі жағдай бойынша 379 теңгені құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанда валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бұл туралы бүгін ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Валюта нарығында ахуал тұрақты. Айырбастау бағамы іргелі факторлардың әсерінен қалыптасып жатыр. Теңге бағамы жыл басынан бері 1,2 процентке нығайып, 15 сәуірдегі жағдай бойынша бір долларға 379 теңгені құрады», — деді Досаев үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, ұлттық банктің алтын-валюта резевтері жыл басынан бері 13,4 процентке төмендеп, 15 сәуірде 26,8 миллиард долларды құрады.

Ал ұлттық қордың активтері 2,3%-ке, 59 миллиард долларға дейін ұлғайды. Жалпы халықаралық резервтер 85 миллиард 800 миллион доллар шамасында.



sputniknews.kz