Досаев Назарбаевқа 2 миллион қазақстандықтың жалақысы өскенін баяндады

0
104
Экономика

Қысқа сілтеме алу

243 0 0

Астанадағы Қазақстан президентінің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев өткен жылдағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ақпаратынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі жыл қорытындысы бойынша 4,1 процентті құраған. Бұл өсімнің 75%-і шикізаттық емес секторлар есебінен қамтамасыз етілді.

«Инфляция 5,3%-ке дейін төмендеді. Жұмыссыздық қауіпсіз деңгейде, жыл қорытындысы бойынша 4,9 процентті құрады», — деді Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Премьер-министрдің орынбасары президент жариялаған бес бастаманың іске асырылу барысына тоқталды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда орташа айлық жалақы қанша?

«7-20-25″ бағдарламасы бойынша бүгінде 43,7 миллиард теңгеге 3 600 кредит берілді. Жалпы 92 миллиард теңгеге өтінім түсті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы 63 мың теңгеден төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есеге төмендеді. Бұл шара 2 миллионнан астам азаматтың табысына оң әсер етті», — деді ол.

Сондай-ақ, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім гранттары 20 мың орынға ұлғайтылды.

«Жаңа жатақханалар салу үшін 100 жер учаскесі бөлінді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында білім беру ұйымдарымен 12 келісімшарт бекітілді. Биыл студенттерге 5 мың жаңа орын пайдалануға беріледі», — деді Досаев баяндамасында.

Сонымен қатар, 2018 жылы 595 миллиард теңгеге 14 мыңнан астам микрокредит беріліп, нәтижесінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 11 мың азамат микрокредит алып, өз кәсібін ашты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/