Досаев бизнеске берілетін кредиттер ставкасы туралы айтты

0

Бизнестегі несие алушыға ставкалар тиімді түрінде жетеді.

Парламент сенатындағы пленарлық отырыста Ерболат Досаев Дариға Назарбаеваның сұрағына жауап берді. Назарбаеваның сұрағы Ұлттық банктің жаңа төрағасының келуімен отандық кәсіпкерлер тиімді несие ставкаларынан үміттене ала ма, деген мәселені қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Бүгін бізде комитет отырысы өтіп, онда бизнес үшін қаржыландыру, несиелендіруді қолжетімді ету үшін қандай тетіктер қажет, деген мәселе көтерілді. Мысалы, несие ставкасын 5-7% деңгейіне дейін төмендету қаншалықты мүмкін?» — деп сұрады сенатор Дариға Назарбаева.

Досаев Ұлттық банк оның тиімді жолдарын таба алады деген уәде берді.

«Дәл қазір ондай деңгейге дейін төмендете аламыз деп айту қиын. Бірақ біз үкіметпен бірлесе тиімді құралдар ұсына аламыз. Мұндай жұмыс үкіметпен бірге қолға алынған болатын. Мысалы, мемлекет басшысының қарапайым заттар экономикасы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға байланысты тапсырмалары бар. Импорттың орнын алмастыру мен жергілікті өндіріс бағдарламаларын қолдау мәселелері бар. Бұл бағдарламалардың бәрі әлі талқыланады. Ақша-кредиттік саясатты жүзеге асыру аясында біз несие ставкаларының түпкі кәсіпкерге тиімді түрінде жетуін қамтамасыз ететін оңтайлы жолдарды таба аламыз, деп ойлаймын. Несиелер, әсіресе орташа және ұзақмерзімді, бизнес үшін тиімді болуы керек, бұл өте маңызды мәселе», – деді Досаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz