«Дос-Мұқасан» ансамблінің бір мүшесі дүниеден озды

75 жасында «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті.
«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», — деп жазылды ансамбльдің Instagram-дағы парақшасында.
ақпарат: Nege.kz
Фото: ғаламтордан