Допинг бойынша айыпталған алты қазақстандық спортшы медальдарын қайтармаған

0

Допинг бойынша айыпталып, медальдарынан айрылған алты қазақстандық спортшы Халықаралық олимпиада комитетіне медальдарын қайтармаған. Қазақстандық олимпиада комитетінің мәлімдемесінде алты спортшының арасында үш ауыр атлет және екі балуан бар екені айтылады.

Комитет ауыр атлеттердің аты-жөнін де атаған: Мария Грабовецкая (2008 жылы қола алған), Мая Манеза (2012 жылы алтын алған) және Ирина Некрасова (2008 жылы күміс алған).

Қазақстандық комитеттің айтуынша, ауыр атлет Светлана Подобедова 2012 жылы алған медалін (алтын) жоғалтып алғанын айтқан. Ұйымның жазуынша, 2008 жылы алған күміс медалін балуан Таймураз Тигиев те қайтарудан бас тартып отыр. 2008 жылы олимпиадада қола медалін алған Әсет Мәмбетов Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясына «шешіммен келіспейтіні» туралы хат жазып, медалін қайтарудан бас тартқан.

Қазақстандық комитеттің хабарлауынша, Илья Ильин, Владимир Седов, Алмас Өтешев және Зульфия Чиншанло медалдарын «толық қайтарған».

Халықаралық олимпиада комитеті 2015 жылдың соңында 2008 жылы Пекинде және 2012 жылы Лондонда өткен жазғы олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексерген. Нәтижесінде Қазақстан Пекинде алған бір алтын, екі күміс, екі қола медальді, Лондонда иеленген төрт алтынды қайтарып берген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз