Донбастың жеті мыңдай тұрғыны Ресей азаматтығын алды

0

Донбастың (Украина аймағы – ред.) жеті мыңға жуық тұрғыны үш айда биыл көктемде Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен енгізілген жеңілдетілген тәртіп бойынша Ресей азаматтығын алған. Бұл туралы Ресейдің Ростов облысының губернаторы Василий Голубев айтты деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі. Шенеунік Ресей азаматтығын алуға өтініш білдірген тағы 30 мың адамның тиісті шешімді тосып отыр дейді.

Голубев Ресей азаматтығын алғандардың Ростов облысына көшіп келуіне ешқандай проблема жоқ деп мәлімдеген. «Аймақта 47 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, бұл тіркелген жұмыссыздан санынан екі есе көп» деген ол.

Қазір Ростов облысында Донбасс тұрғындарына Ресей азаматтығын беру жөнінде екі орталық жұмыс істейді.

24 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасы» аумағы тұрғындарына Ресей азаматтығын алуды жеңілдететін жарлық шығарған. 17 шілдеде Путин әлгі жарлықтың күші Украинаның Донецк және Луганск облыстарының барлық тұрғынына қолданылатыны туралы шешім қабылдаған.

Украина үкіметі бұл жарлық бойынша берілген Ресей паспорты заңсыз саналатынын мәлімдеген. Еуропа одағы өкілдері мен Канада билігі де осындай мәлімдеме жасаған. АҚШ мемлекеттік департаменті Кремльдің шешімін «арандату» деп атаған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз