Дональд Туск Қазақстанға келеді

0

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск келесі аптаға жоспарланған Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға да келмек.

«Дональд Туск Орталық Азияға барады. 29 мамыр мен 2 маусым аралығында Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстанды аралайды. Еуропа одағы қазір ғана ЕО — Орталық Азия жаңа стратегиясын жариялады. Төраға Тусктің сапары — ЕО-ның аймақ және жекелеген елдермен әріптестік қарым-қатынасты нығайтуды қолдауының тағы бір көрінісі» делінген ЕО сайтында жарияланған баспасөз хабарламада.

Хабарламаға сәйкес, Туск сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездеспек.

Хабарламада кездесулер барысында «аймақтық және екі жақты әріптестіктен бөлек, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және шекараны басқару, сонымен бірге аймақ қауіпсіздігі мәселелері де қаралатыны» жазылған.

Жоспарға сәйкес, Туск Рахмонмен — 30 мамырда, Тоқаев, Назарбаев және Мирзияевпен 31 мамырда кездеспек.

Azattyq