Дональд Трампты атқан адамның кім екені белгілі болды
Митиингтегі атыс кезенде қаза тапқан күдікті Пенсильвания штатының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI) Трамптың митингісі кезінде қару қолданып, экс-президентке қарсы оқ атқан күдіктінің кім екенін анықтады. Ол сол штаттың Томас Мэтью Крукс есімді тұрғыны болып шықты. Бұл туралы CNN тілшісі Эбби Филипп жариялады.