Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дональд Трамп Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниетті екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент болып сайлануымен құттықтады.

Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты Ақорда сайтында жарияланған.

«Осы жылдар ішінде екі жақты қарым-қатынаста жоғары жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастығымыз әрі қарай жалғаса беретініне кәміл сенемін. Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында америкалық бизнестің жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады», – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік жолында бірлесіп атсалысуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты

«АҚШ Қазақстанмен өзара мығым серіктестікті бағалайды. Орта Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Еңбегіңізге мол табыс тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.

Президент сайлауы

Биыл 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл жолы мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болып, Қазақстан тарихындағы екінші президент атанды. 

Тағы оқыңыз: «Телефонға түсіріп алдық»: бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?



sputniknews.kz