Дональд Трамп Ирактағы АҚШ әскеріне барды


АҚШ президенті Дональд Трамп ресми сапармен алғашқы рет Иракқа барды.
Ақ үй президенттің Ирак аумағына арнайы сапар жасайтыны туралы алдын-ала хабар бермеген. Трамп пен оның зайыбы Мелания Ирактағы АҚШ сарбаздарына осы уақытқа дейінгі қызметі үшін алғыс айтып, Рождествомен құттықтады. Әскерилерге сыйлықтар табысталып, құттықтау тілектер айтылды. Сондай-ақ Трамп өз сөзінде Ирактағы әскерилер санын азайтпайтынын айтты.
Ресми Уашингтонның айтуынша, қазіргі уақытта Иракта бірнеше америкалық база мен бес мыңнан асатын әскер бар.