Дональд Трамп Ақ үйде мұсылман қауымына ауызашар берді (ВИДЕО)

АҚШ президенті сайлауға қолдау білдірген Америкада тұратын мұсылман өкілдеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Анадолы сайты.
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық мұсылман қауымының өкілдері мен бірнеше мұсылман елдерінің дипломаттары үшін ауызашар ұйымдастырды. Бұл – Трамптың екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы шарасы.
Президент шарадағы сөзін «Рамазан айы құтты болсын» деп бастады. Америка басшысы 2024 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда АҚШ-тағы мұсылмандардан алған қолдауға өте риза екенін атап өтті.
Трамп сонымен қатар шараға Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ, Катар, Ливан, Пәкістан және басқа елдердің өкілдері қатысып жатқанын айтты.
«Мен 2024 жылғы президенттік сайлауда рекордтық қолдау көрсеткен жүздеген мың мұсылман американдықтарға ерекше алғыс айтқым келеді. Бұл керемет болды», – деді АҚШ президенті.
Фото: Win McNamee/Getty Images