Доллардың биржадағы бағамы 399,2 теңгені құрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан қор биржасындағы сауданың нәтижесі бойынша доллар бағамы 399,27 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келесі жылы доллар 400 теңгеге жетеді: Экономист маман өз болжамын жасады

Еске салсақ, Ұлттық банктің 12 наурыздағы ресми курсы — 394,6 теңге.

12 наурыз күні таңертең Алматы мен Нұр-Сұлтан айырбастау пункттері валютаны 402 теңгеге сатты.

Еске салайық, 9 наурызда қазақстандық жеке айырбастау биржаларында доллар бағасы арзандағаннан кейін 400 теңгеге дейін көтерілді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жеке айырбастау пунктерінің көпшілігі сол күні американдық валюта сатылымын тоқтатты. 11 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 394,41 теңгені құрады.

 

 

 

stan.kz