Доллар қаншадан сатылып жатыр?

0

Ақша айырбастау пункттері АҚШ долларын Нұр-Сұлтан мен Шымкентте 440 теңгеден, ал Алматыда 439 теңгеден сатып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ірі қалаларында АҚШ валютасы 439-440 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Kurs.kz сайтының мәліметінше Нұр-Сұлтан қаласында бір доллар 440 теңгеге бағалануда. Алайда кейбір ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюта сатылмай жатыр. Енді біреулер «доллар көп емес, адамдар аз тапсыруда» деп отыр. Ал ақша айырбастау пункттері долларды 433 теңгеден алып жатыр.

Алматыда долларды бір теңгеге арзанға алуға болады. Бағасы – 439-439,5. Қазіргі кезде АҚШ-тың ақшасын тапсырған адамдар бір доллар үшін 433-437 теңге ала алады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Шымкентте бір доллар 440 теңгеден сатылып жатыр. Бірақ айырбастау пункттерінің басым бөлігінде шетелдік валюта жоқ.

17 наурызда Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамын 434,59 теңге көлемінде бекітті.



sputniknews.kz