Доллар неге қымбаттап жатыр

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Сарапшылар доллар бағамының өсуі әлемде мұнай бағасының 30%-ке төмендеуімен байланысты екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Экономистер елде доллардың қымбаттауы уақытша және негізсіз шара екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

9 наурыз күні таңертең Алматы мен астанада доллар бағамы 394-399 теңгеге көтерілген болатын.

AERС директоры Жаныбек Айғазин Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында дүйсенбі күні KASE биржасында сауда жүргізілмейтінін айтты. Сондықтан валюта бағамы жұрттың дүрбелеңіне байланысты қымбаттап отыр.

«Инфляциялық таргеттеуге қарамастан, ұлттық банкте бағам таргеті бар. Валюта бағамы осы шамада болады. Сондықтан дүрбелеңге бой алдырмау керек деп ойлаймын. Біз мұндай жағдайды 2014-2015 жылдары бастан кешіргенбіз», — деді экономист.

Ол доллар бағамының өсуі әлемде мұнай бағасының 30%-ке төмендеуімен байланысты екенін айтып отыр. Қазір қара алтынның құны барреліне 30 доллар. Бұған ОПЕК+ келісіміне қатысушы мұнай экспорттаушы елдердің 6 наурызда Венада мұнай өндірісі көлемін азайтуға байланысты ортақ шешімге келе алмағаны себеп болған. Сондай-ақ, коронавирус індетінің де кері әсері тиді. 

«ОПЕК мұнай өндірісін шектеу арқылы қара алтын бағасының арзандауын қаламайды. Алайда Ресей мұнай көлемін азайтуға келіскен жоқ. Бұл көлем олар үшін қолайлы екенін алға тартып отыр. Мұнай нарығы күйреді. Салдарынан рубль бағамы арзандап, 70 доллар болды», -дейді сарапшы. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда доллар күрт қымбаттады

Экономист 18 наурыз күні ОПЕК техникалық комитетінің отырысы өтетінін айтты. Кездесуде елдер ортақ келісімге келеді деген болжам жасалып отыр.

 

 



sputniknews.kz