Доллар 480 теңгеге сатылуда: Ұлттық банк нарықтың құлдырауына байланысты мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы доллар бағамының көтерілуіне байланысты бірлескен мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
доллар

Өткен бір тәуліктің ішінде жаһандық қаржы нарықтарының құбылуы байқалды. Мұнайдың Brent маркалы бір баррелі 25 долларға бағаланып, оның бағамы бір күнде 14%-ға азайды. Осылайша, мұнай бағамы жыл бассталғалы бері 60%-ға арзандады. Әлемдік қор және валюта нарықтарында әлі де құлдырау жалғасуда. Ресей рублі де бір тәуілікте 7.3%-ға, ал жыл басынан бері 30%-ға әлсіреді.

«Қазіргі жағдайда Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және сыртқы факторлардың әсерін шектеу үшін 19-20 наурызда теңге-доллар сауда-саттығын Франкфурт аукционымен өткізу туралы шешім қабылдады», — делінген ресми хабарламада.

Сауда-саттықты Франкфурт аукционымен өткізу клиенттердің қазіргі сұранысын қанағаттандырып, валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермейді. Алдағы сауда-саттықтардың режимі ресми ақпарат бойынша жеткізіледі.

Атап кетерлік жайт, сауда-саттық ашылғанда клиенттердің сұрансындағы баға бұған дейінгі көрсеткіштен 1,5%-ға өзгеріп кетсе, міндетті түрде Франкфурт аукционының арнайы режимі ашылады. 

Алғашқыда аукцион жеті минут созылады. Одан кейін тағы қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Осы кезде аукцион қатысушылары биржаның сайтында валюта бағамын көре алмайды. Ал электронды жүйе болса барлық сұраныс негізінде орташа бір бағамды шығарып береді.

Франкфурт аукционының негізгі мақсаты қаржылық тұрақсыздық кезінде дұрыс бағамды анықтау болып табылады. Яғни соның арқасында ұлттық валютаның негізсіз өзгеруіне бөгет жасалды.

Қазақстанда былтырғы жылы да осы режимді пайдалану жайында айтылған болатын.  2020 жылы 10 наурызда сауда-саттық алғаш рет Франкфурт аукционымен өтіпті.

 

 

stan.kz