Doctor Jazz Party қайырымдылық онлайн-марафоны – трансляция

0

Халықаралық джаз күні,  30 сәуірде ауруханаларға қолдау көрсету мақсатында Doctor Jazz Party қайырымдылық онлайн марафоны басталды. Sputnik Қазақстанда видеотрансляция жасалады

Мына жерде қайырымдылық жасауға болады. Марафонды «Россия сегодня» ХАА, «Красный квадрат» медиа тобы және Koktebel Jazz Party халықаралық джаз фестивалі Ресей тікелей инвестициялар қорының, сонымен қатар COVID-19 коронавирусымен күрес жөніндегі альянстың қолдауымен ұйымдастырды.

Марафонға қатысушылардың тізімін Игорь Бутман квартеті бастайды.

Сонымен қатар, қатысушылардың қатарына виртуоз Даниил Крамер мен контрабасист Сергей Корчагиннің дуэті, «Грэмми» сыйлығының бірнеше дүркін жеңімпазы Рэнди Брекер, Лариса Долина және Мариам Мерабова, Юлия Чичерина, саксофонист, Koktebel Jazz Party фестивалінің  арт-директоры Сергей Головня және басқалар бар.



sputniknews.kz