Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді   

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нұр-Сұлтандағы ресми кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастар, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның астанасына келді. Мұнда ол ел басшылығымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылайды.

6 наурызда Дмитрий Медведев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, елдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі. Бұл туралы РИА Новости РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының хатшылығына сілтеме жасай отырып хабарлады.


©
Sputnik / Екатерина Штукина

Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің Қазақстанға жұмыс сапары

«Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды», — деп атап өтті ведомство.



sputniknews.kz