Дмитрий Малахов Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды

0

Мемлекетбасшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Денис Шиппті Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатқанын жазған едік.