Директор елорданы дүрліктірген оқиғаның қалай болғанын айтып берді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

5 қыркүйек күні таңертең астанадағы №83 мектептің маңында мас адам студент қызды зорламақ болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы №83 мектептің шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукаловаға қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстағаны үшін алғыс айтылды, деп хабарлайды elorda.info сайты.

Осыған дейін №83 мектептің маңайында мас ер адам колледж студентіне қол көтеріп, оны зорламақ болғанын хабарлаған едік. Бұл жағдайға куә болған ата-аналар білім ордасының аумағына жүгіріп барып, «көмектесіңдер» деп айғалайған. Дауысты мектептің шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова естіпті.

«Аузы қанап кетіпті»: елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады

«Ол қорықпастан оның артынан жүгіре жөнеліп, қоршаудан секіріп түсті. Бұл жағдайдың қалай болғанын өзім де түсінбеймін. Ол күдіктіні қуып жетіп, онымен сөйлесті. Ол сабырға келгендей болды. Себебі, ер адам ішіп алған еді. Тіпті оны суретке түсіріп үлгерді. Осыдан соң, ол мектептің аумағына келген. Осы уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Біздің қызметкер күдіктіні ұстауға көмектесті. Ол бар-жоғы 200 метрге ұзап үлгерген», — дейді білім ордасының директоры Сәуле Теменова.

Ал қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өкінішке қарай өмірде мұндай жағдайлар болып тұратынын айтып, мектеп қызметкерінің әрекетіне жоғары баға берді.

«Любовь Шаукалованың тәрбие ісіне қатысы болмаса да, оның мектепте жұмыс істейтіні, үнемі балалардың жанында жүруі, оның қырағылығы мен жауапкершілігі болған жағдайға оң әсерін берді.  Білім ордасында жұмыс істейтін адам ретінде өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз мұндай адамның мектепте жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Барлық білім ордасына жақсы үлгі болды», — деді ол.

Сондай-ақ Әнуар Жанғозин мектептегі балалардың қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті.

Қыз баланы құтқарған Любовь Шаукалова өзінің ерлік жасамағанын жеткізді. Оның пікірінше, мұндай әрекетке кез келген адам бара алады.

«Бұл оқиғада тиісті жерде уақытында болдым. Артық ештеңе істеген жоқпын. Өзімді батыр санамаймын. Мен тек жақын маңда болдым», — дейді ол.

Оқыс оқиға болған мектептің ата-аналары білім ордасының басшылығына өтініш жазды. Олар білім беру мекемесінен оқушыларды тек бір есіктен кіргізуді, күзетші қоюды талап еткен.

«Біз мұнда күзет қызметін күшейтеміз. Мүмкін, күзетшілердің санын арттыратын шығармыз. Мектеп директорларымен кездесіп, ақылдасамыз», — деді Әнуар Жанғозин.



sputniknews.kz