Дінмұхамед Қонаевтің қарындасы қайтыс болды

Бүгін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың кіші қарындасы Сара Ахметқызы өмірден озды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: novonews.net
Қаралы хабарды отбасының жақын досы қазақстандық ұшқыш Мақаш Әбішев жеткізді.
Сара Ахметқызы 91 жасына қараған шағында өмірден өткен. Ол ғылыми-зерттеу жұмысытарымен айналысқан. Алайда, тұрмысқа шығып, балалы болған соң өмірін жанұясына арнаған екен.
Сара Ахметқызымен қоштасу Алматы қаласында 14 қараша күні Пушкин көшесі, 50 мекен-жайында өтеді.